"Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 8-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 2605 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 7-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б. Біләлов):

      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Біләловке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е. Әбілов

  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 09 қаңтар № 8-қ
қаулысымен бекітілген қосымша

"Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер

      1. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Мұнайлы ауданы әкімінің қызметін ұйымдастыруды, құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130006, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, аудан әкімдігінің ғимараты.

      8. Мемлекеттік органның толық атауы - "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      9. Осы Ереже "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің қызметі болып табылатын міндеттерді орындау барысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі қызметтері, функциялары, құқықтары және міндеттері

      12. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттің орындалуын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтің барлық саласында мемлекеттік тілге көшуді қамтамасыз ету, аудан әкімі қызметінің құқықтық және өзге де мәселелерді шешу бағытындағы шараларына қатысу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

      13. Міндеттері:

      1) аудан әкімінің және оның аппаратының жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) аудан әкімінің және оның орынбасарларының өткізетін аудан әкімдігінің отырыстарын, жиналыстарын, кездесулерін және сапарларын, басқа да шараларына ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      3) аудандық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.

      14. Функциялары:

      аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыста болуын қамтамасыз ету;

      аудан әкімінің қызметін құжаттармен қамтамасыз ету және қызмет көрсету;

      "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеті мен қызметінің орындалуын қамтамасыз ету және үйлестіру;

      аудандық бөлімдермен дайындалған аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігінің қаулыларының жобаларына сараптама жүргізу;

      аудан әкімін ауданның аумағындағы жағдайлар туралы уақтылы және толық ақпараттандырып тұру;

      аудандағы мемлекеттік органдардың қызметіне, оның ішінде облыс пен аудан әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылау жасау;

      аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы қоғамдық пікірді зерттеу, экономикада және қоғамдық өмірде жағымсыз жағдайларды болдырмау және алдын алуға байланысты талдау және ұсыныстар дайындау;

      Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау, жүйелендіру және кодификациялау;

      қызметтік құжаттардың, азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздарын уақытылы қарау;

      азаматтардың қабылдауын ұйымдастыру;

      азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркелуі мен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттық қызметтердің көрсетілуін бақылау;

      Қазақстан Республикасының Сенат және Мәжіліс депутаттарының, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары өкілеттігінің жүзеге асуына ықпал ету.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      Негізгі міндеттері мен өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте мынадай құқықтары бар:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, мекемелерден, олардың уәкілетті тұлғаларынан қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтама және басқа материалдарды және мәліметтерді сұратуға және алуға;

      2) аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларының және аудан әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобасын әзірлеуге ұсыныстар енгізуге және қатысуға;

      3) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерін, аудан әкімдігіне қарасты мекемелерді құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы ұсыныстарды енгізу;

      4) заңнамамен бекітіліген тәртіпте азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру;

      5) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;

      6) кадрларды оқытуды, дайындауды және қайта даярлауды ұйымдастыруға;

      7) "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен мекемелермен хат алмасуға;

      8) Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      16. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

      18. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      2) "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлейді және оны аудан әкіміне бекітуге ұсынады;

      3) ағымдағы жоспарларды бекітеді;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;

      5) өз құзыреті шегінде басқарушылық сипаттағы мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және оларға қол қояды;

      6) "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін белгілейді;

      7) "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, жүктелген міндеттерді орындау және оның өз функцияларын жүзеге асыруда дербес жауапты болады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      9) "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру мен тарату

      24. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады