Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 04 ақпандағы № 29/298 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 ақпанда № 2623 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 3/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Зандарына, сонымен қатар "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2320 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсандағы "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М.Картабаев

Аудандық мәслихат


хатшысы

Б. Назар


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімінің басшысы

      Г.Т. Акниязова

      04 ақпан 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мұнайлы аудандық экономика

      және қаржы бөлімінің басшысы

      Ш.С. Сұңғат

      04 ақпан 2015 жыл

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 04 ақпандағы
№ 29/298 шешіміне 1 қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері

р/с

Санаттар тізбесі

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеме

Шекті мөлшерлер

Өтініш білдіру мерзімдері

Төлеу мерзімділігі

Табысы есептелмей өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек

1

Өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар

Сұрапыл апат немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлігіне зиян келтіру

50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен артық емес

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей

Жылына бір рет

Мемлекеттік жәрдемақы, зейнетақы алмайтын келесі әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық аурулар, арнаулы туберкулезге қарсы медициналық мекемелерден шығарылған аурулар, иммуннитет тапшылығы вирусы жұққан аурулар

25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіштен артық емес

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей

Жылына бір рет

Табысы есептеліп өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек

2

мүгедек студенттер

Өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім-шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу

1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері;




2) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер

Жыл сайын








Ай сайын

Оқу ақысын төлеу








Тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының 12 айында жүргізіледі

3

1) тұл жетім студенттер, балалар үйінің, балалар ауылының тәрбиеленушілері;

2) келесі отбасыдан шыққан студенттер:

егер ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болуы, жасы бойынша ата-анасының екеуі де зейнеткер болуы, ата- анасының біреуі қайтыс болуы;

төрт және одан да көп баласы бар, кәмелет жасқа толмаған балалармен бірге тұратын, соның қатарында кәмелет жасқа жеткеннен кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа жеткенге дейін) жоғарғы оқу орнында, орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасылар

Мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын, білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт кешендерін қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды даярлау мақсатында, өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім-шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу

1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері;


2) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер

Жыл сайын





Ай сайын

Оқу ақысын төлеу





Тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының 12 айында жүргізіледі

4

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 6 бабында қарастырылған негіздеме бойынша тұлғалар (отбасылар);

Емделуге, отбасы мүшесінің біреуі қайтыс болуына байланысты, тұрмыстық қажеттіліктерге, дәрі-дәрмек, мектепке керек-жарақтарын алуға мұқтаж басқа да тұлғалар (отбасылар)

Өтініш беру алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы

40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен артық емес

Өтініш берген күннен бастап

Жылына бір рет

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 04 ақпандағы
№ 29/298 шешіміне 2 қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі

р/с

Атаулы күндер мен мерекелік күндер тізімі

Санаты

Әлеуметтік көмек мөлшері

Әлеуметтік көмек еселігі

"Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

1

22 наурыз-Наурыз мерекесі

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, Бұрынғы КСР Одағының "Батыр ана", "Аналық даңқ" (1,2,3 дәрежесі) ордендерімен, "Аналық медалі" (2 дәрежесі) медалімен марапатталған көп балалы аналар

2 (екі) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

2

1986 жыл 26 сәуір - Чернобыльдағы АЭС апат күні

Чернобыльдағы АЭС апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғалар

60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

1986–1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылар

50 (елу) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

1988–1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылар

20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

3

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет


4


9 мамыр – Жеңіс күні


Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар (Чернобыльдағы АЭС апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғалардан басқа)

60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар (1986–1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа)

50 (елу) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Ұлы Отан соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар

40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері, "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабының 3,4 тармақтарында көрсетілген тұлғалар

40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар- ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттық және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттық және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары

40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері)

40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар

20 000 теңге

Жылына бір рет

5

1 маусым - Балаларды қорғау күні

16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

6

30 тамыз -

Қазақстан Республикасының Конституция күні

Асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушылар

8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар

60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар


5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

7

6 қазан - Қазақстан Республикасының мүгедектер күні

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

8

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 (бес) айлық есептік көрсеткіш


Жылына бір рет



"Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын тұлғалар санаты

9

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлер

2 (екі) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

10

30 тамыз -

Қазақстан Республикасының Конституция күні

1991 жылға дейін Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар

36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады