"Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 52-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 2682 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 7-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына және "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 187 "Маңғыстау облысының жергілікті басқару құрылымы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 11 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б. Біләлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Тәжібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Е. Әбілов


  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
10 наурыз 2015 ж.
№ 52-қ қаулысымен бекітілген
қосымша

"Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер

      1. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, қоғамдық ұйымдар ғимараты.

      8. Мемлекеттік органның толық атауы – "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      9. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Мұнайлы ауданының әкімдігі болып табылады.

      10. Осы Ереже "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      13. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру.

      15. Міндеттері:

      1) аудан аумағында халықтың тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тарихи ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды дамытуға көмек көрсету;

      2) аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;

      3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғалықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрістерін байыту;

      4) азаматтылыққа, патриоттыққа және өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

      5) туристік қызметтің дамуын қамтамасыз ету;

      16. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс, аудан әкімдері нормативтік актілерінің орындалысын бақылауды қамтамасыз ету;

      2) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;

      3) қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнер байлықтарын, сонымен қатар осы аймақта тұратын халықтардың мәдениетін дамытуға белсенді ықпал жасау, азаматтарды рухани және әдемілік жағынан тәрбиелеу;

      4) шығармашылық одақтармен, өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынастар орнату;

      5) "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік басқару органдарына белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;

      6) драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу, әсемдік-қолданбалы және эстрадалық өнердің жоғары көркемдік туындыларын қамтамасыз ететін сайыстар мен өзге де шараларды ұйымдастырып өткізуге басшылық жасау;

      7) аудан аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштердің есебін жүргізу және оларды насихаттау, қорғау, пайдалану, жөндеу жұмыстарын қадағалауды жүзеге асыру, жобалық-сметалық құжаттамаларын жасақтауға қатысу;

      8) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және аудан аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;

      9) аудан аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

      10) спорт қозғалысының, саламатты өмір салты принциптерін насихаттау;

      11) облыс құрама командаларына спорт резервтерін даярлау;

      12) облыстық және республикалық спорт аренасында жоғарғы спорт нәтижелеріне жету;

      13) спорт түрлерінен аудандық жарыстар өткізу;

      14) спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын даярлауды және облыстық, республикалық, басқа да іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету;

      15) аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қолдау;

      16) спорт іс-шараларының қатысушыларын, спортшылар мен спорт ұйымдарының қызметкерлерін, аудандық және басқа да іс-шаралар жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дипломдар, мақтау қағаздары, медальдар, төс белгілері, сыйлықтармен марапаттау;

      17) аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарын әзірлеу, бекіту және жүзеге асыру;

      18) спорт іс-шараларын өткізу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау;

      19) белгіленген тәртіппен аудандық мәдениет мекемелеріндегі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың және коммуналдық мемлекеттік мекеменің жоспарлы-экономикалық қызметінің жалпылама негізін жасақтау, бухгалтерлік есеппен жасақталған есеп жиынтықтарын бақылау, тапсырылған есептер мен олардың жиынтығын талдау, аудандық, облыстық статистикалық және қаржылық органдарға тапсыру;

      20) "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың шаруашылық өндірістік және тұрмыстық-әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуіне бақылау жасау;

      21) кадрларды дайындау, қайта дайындықтан өткізу және біліктілігін көтеру бағдарламаларына қатысу, олардың қызметіне әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, конференциялар, семинар, басқа да оқу түрлерін ұйымдастыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) бөлімнің саласына жататын мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар беру, олардың орындалысын бақылау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырған шараларына қатысу;

      2) жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;

      3) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;

      4) "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ведомствалық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мүліктерін бекітуге;

      5) "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ведомствалық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының қаржылық жоспары мен штаттық кестесін бекітуге;

      6) "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ведомствалық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының құрылымын анықтауға;

      7) Қазақстан Республикасы заңдарына сай өзге де қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

3. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Мұнайлы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) бөлім мамандарының өкілеттігі мен міндеттерін белгілейді;

      2) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) бұйрық шығарады және бөлімнің барлық қызметкерлеріне тиісті тапсырма береді;

      4) барлық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға бөлімді таныстырады;

      5) бөлімнің қызметкерлер саны мен еңбекке ақы төлеу қорының белгіленген шегінде штат кестесін бекітеді;

      6) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін сыйақы беру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселесін шешеді;

      7) жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және ол жеке жауап береді;

      8) "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      24. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      25. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. "Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындар тізбесі

      1. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мұнайлы аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      3. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Баянды ауыл клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      4. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      5. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мұнайлы ауданы Дәулет ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      6. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      :

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады