Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына және "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 187 "Маңғыстау облысының жергілікті басқару құрылымы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 11 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б. Біләлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Жолбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Әбілов |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыз № 53-қ қаулысымен бекітілген қосымша |
"Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер
1. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Мұнайлы ауданында сәулет және қала құрылысы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
6. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, қоғамдық ұйымдар ғимараты.
8. Мемлекеттік органның толық атауы – "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
9. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Мұнайлы ауданының әкімдігі болып табылады.
10. Осы Ереже "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
15. Міндеттері:
1) мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын іске асыру;
2) аудан аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу.
16. Функциялары:
1) нысандар мен кешендерді орнату үшін қала құрылысы мақсатына жер телімін бөлуге және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мемлекет мұқтажы үшін қайтаруға аудан әкіміне ұсыныстарды дайындау;
2) ауданның жоспарлау жобасын, ауылдық елді мекендерінің бас жоспарын, тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық құрылыстарды орналастыру жобасын, аудан маңы аймағының жобаларын, сондай-ақ жеке үйлер мен ғимараттардың жобаларын дайындауды ұйымдастыру;
3) елді мекендер құрылысын салудың ережелерін дайындауды ұйымдастыру және оны белгіленген тәртіппен бекітуге ұсыну;
4) құрылыс салуға және өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау жұмыстарына қатысу, беру;
5) аудан аумағындағы тұрғын үй – азаматтық, мәдени-тұрмыстық, коммуналдық, сонымен қатар өндірістік құрылыстардың бірталай нысандарын пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру;
6) аудан әкіміне қарау үшін шешім жобаларын дайындау, алқа отырысында ұсыныстар беру, сәулет және қала құрылысы қызметі мәселелері бойынша анықтамалар, ақпараттар және баяндама дайындау;
7) азаматтардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын уақытында және сапалы түрде қарау;
8) базалық деңгейдегі қала құрылысы кадастры бойынша жұмыстарды үйлестіру;
9) инвесторларға (тапсырыс берушілерге, құрылыс салушыларға), қала құрылысы құжаттарын дайындаушыларға және басқа да жұмыс орындаушыларға рұқсат құжаттарын дайындап беру және олардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру, меншік түріне қарамастан жер телімінің көлеміне және шекарасына, сонымен қатар басқа да жылжымайтын мүліктерге өзгеріс енгізу;
10) ауданның жаңарту және одан әрі дамыту барысында сәулеттіктің көркемдік мәнділігін арттыруын, сәулеттік – қала құрылысы кешендерінің, салынып жатқан үйлердің, ғимараттардың, мәдени-тұрмыстық, өндірістік және өзге де мақсаттағы мәнерлі шешімдерін табуды қамтамасыз ету;
11) қала құрылысы бөлігіндегі тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылыстарды дамыту бағдарламасын жасау, әлеуметтік, экономикалық инженерлік-техникалық және эстетикалық мәселелерді кешенді шешу және оларды жобалық-әдістемелік қамтамасыз ету;
12) қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділіктегі негізгі бағытын анықтау, құрылыстың ғылыми – техникалық жетістіктерін қолдана отырып, үйлер, ғимараттар мен кешендердің техникалық-экономикалық деңгейін және құрымдылық орнықтылығын отандық және әлемдік ең үздік үлгілерді қолдану арқылы көтеру;
13) тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғайтын мемлекеттік органдарға тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және жаңғырту барысындағы жұмыстарды атқаруға, тарихи және мәдени ескерткіштердің қорғалу аумағын анықтауға көмектеседі, жөндеу және жаңарту жұмыстарының жобасын қарап келісім береді;
14) жер телімінің берілу құжаттарын, жобалық-жоспарлау құжаттарын және жеке ғимараттар мен нысандардың жобаларын шексіз мерзімге сақтау үшін техникалық мұрағат құрады;
15) қала құрылысы құжаттарын және қала құрылысы шешімдерін аудан әкімі бекіткенше қарап талдау жасауға көпшіліктің қатысуын ұйымдастыру және қала құрылысы жұмыстарының жариялылығын қамтамасыз ету;
16) аудандық маслихаттың комиссияларына және депутаттарына өз өкілеттіктерін атқару үшін ықпал ету, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, сессия кезіндегі депутаттардың және жергілікті қоғамдастық жиындарында жекелеген азаматтардың сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша айтқан сындарлы талап-тілектерін қарап, оларды орындау шараларын алу;
17) сыртқы визуалдық жарнама нысандарының орналасуына рұқсат беру;
18) сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлеу;
19) мониторинг жүргізу, топографиялық түсірілім даярлау;
20) аудан аумағында орналасқан жеке тұрған нысандарға, сонымен қатар жер учаскелеріне нөмір беру;
21) жер таңдау актісін рәсімдеу;
22) инженерлік желілерді жобалауға арналған техникалық шарттарды рәсімдеу;
23) жер учаскелері мен жылжымайтын объектілерге нөмір беру бойынша анықтамалар мен бұйрықтар беру;
24) жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру бойынша комиссия ұйымдастыру;
25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларындағы көзделген өзге де функциялар.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) салынып жатқан үйлер мен ғимараттардың түрлері мен қабатын бекітілген бас жоспармен сәйкестігін сақтау;
2) сәулет және қала құрылысы заңдылық нормаларының бұзылуына кінәлілерге, өз еркімен құрылыс салушыларға және өз аймағында осы заң бұзушылықтардың орын алуына жол берген лауазымды тұлғаларға белгіленген тәртіппен шара қолдану, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе оларға қаржыландыратын банктер арқылы айып төлету мәселерін қозғау үшін тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс беру;
3) сәулет және қала құрылысы заңдылық нормаларын, қоршаған ортаны қорғау және басқа да заңдылықтарды бұзған құрылыс өнімдерін өндіруші және құрылыс салушы мекемелер мен кәсіпорындардың жобалау, өнім өндіру және құрылыс жұмыстарын жүргізуге құқық беретін лицензиясын қайтару жөнінде ұсыныс беруге;
4) меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, сондай – ақ жеке құрылыс салушылар да орындауға міндетті қала құрылысы мәселері бойынша шешім қабылдауға;
5) Қазақстан сәулетшілер және қала құрылысшылары одағының жергілікті ұйымдарымен бірлесе отырып жоспарлау, құрылыс, ауданды көркейту жобаларының сұлбасына, жалпы адамдардың тіршілігіне ыңғайлы жағдайды туғызатын жобаларға конкурс өткізуге;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттер.
3."Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
19. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін бекітеді;
6) "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
24. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
25. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
КЕЛІСІЛДІ: