Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 3/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Қазақстан Республикасының Зандарына, сонымен қатар "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504, "Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы"2014 жылғы 16 қазандағы № 1105 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2320 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсандағы "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасына:
реттік нөмірі 4 жол жаңа жолмен толықтырылсын:
"
4 | 9 мамыр- Жеңіс күні | Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, соғыста қаза тапқан майдангерлердің отбасы мүшелері мен туыстарының батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына, ТМД-на мүше мемлекеттердің аумағында шайқас болған жерлерге, сонымен бірге қазақстандық жауынгерлер жерленген жерлерге баруын қамтамасыз ету мақсатында өтінішін білдірген азаматтарға | 150 000 теңгеден артық емес | 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін |
".
2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ю.Нокеров |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Б.Назар |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г. Ақниязова
03 шілде 2015 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а
А.Көшекбаева
03 шілде 2015 жыл