"Баянды, Маңғыстау селоларының әкімшілік-аумақтық шекараларын өзгерту туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 16-қ қаулысына және Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 ақпандағы № 13/130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 196-қ қаулысы және Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 35/373 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 тамызда № 2805 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Баянды, Маңғыстау селоларының әкімшілік-аумақтық шекараларын өзгерту туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 16-қ қаулысына және Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 ақпандағы № 13/130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11-7-36 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2009 жылғы 27 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селоларының", "селолары", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдарының", "ауылдары", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын;
       3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
      2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Б.Жолбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Г.Себепбаева
      
      Аудан әкімі Н.Тәжібаев
      
      Аудандық мәслихат
хатшысы
Б. Назар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады