Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селоларының", «селолары», «селосының» сөздері «ауылдарының», «ауылдары», «ауылының» сөздерімен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 196-қ қаулысы және Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 35/373 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-ІІ Жер кодексінің 108 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңының 12 бабы 3 тармақшасына сәйкес, Баянды, Маңғыстау ауылдары әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Баянды ауылының әкімшілік - аумақтық шекарасы 1 қосымшадағы сызбаға сәйкес өзгертілсін.
2. Маңғыстау ауылының әкімшілік - аумақтық шекарасы 2 қосымшадағы сызбаға сәйкес өзгертілсін.
3. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 196-қ қаулысы және Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 35/373 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Сессия төрағасы Қ. Уәзір
Аудан әкімі О. Қазақбаев
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау Жер ҒӨО» ЕМК-ның
аудандық филиалының директоры
Б. Мурадалиев
«____»________________2008 жыл