"Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 12 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қаңтарда № 5337 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 169 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.04.2017 № 169 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 12 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің жердің
пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
туралы ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы ережелер
      1. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі басшы бекіткен жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Амангелді көшесі, 93А.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы,
      негізгі міндеттері, функциялары,
      құқықтары мен міндеттері
      14. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу болады.
      15. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      жердің ұтымды және тиімді пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      16. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
      2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
      3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
      4) азаматтардың өздеріне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуынa;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) кінәлілерді жауапқа тарту мәселені шешу үшін Казақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиісті органдарға жіберу;
      2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасау;
      3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығару;
      4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беру;
      5) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдану;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      3. Мемлекеттік органның
      қызметін ұйымдастыру
      18. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктігі:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлері міндеттерінің шеңберін белгілейді;
      2) "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мамандары мен техникалық қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;
      4) өз құзыреті шегінде "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін білдіреді;
      6) "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
      7) өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      4. Мемлекеттік
      органның мүлкі
      23. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта
      ұйымдастыру және тарату
      26. "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады