"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3571 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 мамырда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бiлiм беру гранттарының иегерлерi, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм алуға, сондай-ақ, екiншi техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алу үшiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төлемдердiң өзге де түрлерiн алушылары болып табылатын мүгедектердi қоспағанда Қостанай облысының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасының оқу орындарында техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм (бұдан әрi - бiлiм) алатын мүгедектер, оның iшiнде мүгедек балалар (бұдан әрi - мүгедектер) үшiн тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқытудың нақты құнының төлеммен 100 пайыз мөлшерiнде, бірақ жылына 200 айлық есептік көрсеткіштен артық емес әлеуметтiк көмектiң (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек) қосымша түрi белгiленсiн.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қостанай облысының әкімі |
Н. Садуақасов |