"Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 102 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 сәуірде № 5541 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 67 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.02.2017 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 102 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық және туризм қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 65.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қостанай облысының аумағында өз құзыретінің шегінде индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруға қатысу, жеке кәсіпкерлікті, туристік қызметті қолдау және дамыту мемлекеттік саясатын іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) өнеркәсіп, туризм, кәсіпкерлік және сауда салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      2) экономиканың әртараптандыруын және бәсекеге қабілеттілігін өсіруді қамтамасыз ететін оның басым секторларын дамытуға жәрдемдесу;
      3) инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
      4) индустрияландыруға қолайлы орта құру;
      5) экономиканың басым секторларын дамыту үрдісінде мемлекет пен бизнестің тиімді өзара әрекетін қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
      16. Функциялары:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      2) өңірлік индустрияландыру карталарын әзірлейді және бекітеді;
      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуында жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
      5) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;
      6) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;
      7) өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
      8) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
      9) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;
      10) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
      12) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
      13) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
      14) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      15) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
      16) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      17) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
      18) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
      19) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      20) гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
      21) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
      22) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
      23) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;
      24) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;
      25) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекітеді;
      26) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындайды;
      27) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;
      28) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды береді, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркейді;
      29) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;
      30) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;
      31) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдайды;
      32) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
      33) берілген құзіреттің шегінде заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеуі және өткізу қызметі бойынша лицензиар қызметін жүзеге асырады;
      34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асырады;
      35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде құқықтық сипаттағы актілерді шығару;
      2) кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп мәселелері бойынша ақпараттық-тұсаукесер іс-шараларын (форумдар, семинарлар, кеңестер, көрмелер, жәрмеңкелер) ұйымдастыруға және өткізуге;
      3) тексерулер мен сараптамалар жүргізуге, конкурстық комиссияларға қатысу үшін облыстың кәсіпорындары, ұйымдары, қоғамдық құрылымдарының мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша тартуға;
      4) "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан сұрауға және алуға;
      5) басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын бағдарламалардың әзірленуіне және іске асырылуына қатысу;
      6) өз құзыретінің мәселелері жөніндегі келісімдерге, өзге де құжаттарға қол қою;
      7) басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәсіпорындардың экономикалық сауықтырылуы жөніндегі шаралардың әзірленуіне және іске асырылуына қатысу;
      8) өз қызметін "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің осы Ережесіне, сондай-ақ жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізуді іске асыру;
      9) өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және оған басшылық етеді;
      2) "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;
      3) "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда ұсынады;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
      7) "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады