Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 16.11.2015 № 482 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестікке келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 288 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4962 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 тамызда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағының 1), 3), 4), 5)тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов