Әкімдіктің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 605 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 126 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 5576 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 482 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 16.11.2015 № 482 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 605 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5265 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      мемлекеттік тілде барлық қаулы мәтіні бойынша:
      "регламентері" деген сөз "регламенттері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады