Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 402 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 маусымда № 5707 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Сагнаев

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысының әкімі
      _________ Н. Садуақасов

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау комитетiнiң
      Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттiк мекемесінің басшысы
      _______________ О. Батырбеков

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер
      Министрлігі Қостанай облысының ішкі
      істер Департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ Т. Маткенов

      "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл
      шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ Б. Мурзин

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      ветеринария басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________ Б. Қайыпбай

Қостанай облыстық мәслихаттың 
2015 жылғы 20 мамырдағы № 402 
шешімімен бекітілген      

Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына (бұдан әрі – "Ветеринария туралы" Заң) сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағида Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағида иттерді, мысықтарды асырайтын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – иелері), қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ иттерді, мысықтарды серуендетіп жүретін тұлғаларға (адамдарды құтқару жөніндегі, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысты атқаратын қызметтік иттер ұстайтын мемлекеттік кәсіпорындарын (ұйымдарын, мекемелерін) қоспағанда құрастырады) таратылады.

2. Иттер мен мысықтарды асырау

      4. Иттерді, мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланылатын орындарында (кіреберістерде, жертөле қабаттарында, шатырларда, баспалдақ алаңдарында, төберлерде), сондай-ақ осындай үйлердің жанындағы аумақтарда асырауға жол берілмейді.
      5. Иттерді асыраған кезде иелері өз иттерінің оларды асырап отырған орындарынан өз еркімен шығып кетуіне жол бермеу бойынша шараларды қолданады.
      6. "Ветеринария туралы" Заңға сәйкес жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін иттер мен мысықтарды алып қою, жою жүзеге асырылады.

3. Иттер мен мысықтарды серуендету

      7. Иттерін, мысықтарын серуендетіп жүрген иелері, сондай-ақ иттерді, мысықтарды серуендетіп жүрген тұлғалар өз иттерінің, мысықтарының әсер етуінен айналадағы адамдардың және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      8. Иттерін, мысықтарын серуендетіп жүрген иелері, сондай-ақ тұлғалар қоғамдық орындарды ластаған жағдайда өз иттерінің, мысықтарының тіршілік ету өнімдерін (қағаз немесе полиэтилен пакеттерге) дереу жинастырады.
      9. Иттерін серуендету кезінде иелері, сондай-ақ иттерді серуендетіп жүрген тұлғалар:
      1) иттерді асырау орындарынан, сондай-ақ басқа оқшау аумақтардан мойын тізгінмен және тұмылдырықпен алып шығу керек. Үш айға дейінгі иттердің күшіктерін және анатомиялық ерекшеліктері тұмылдырық киюге келмейтін ұсақ тұқымды иттерді тұмылдырықсыз серуендетуге болады;
      2) итті оның иесінің байланыс мәліметтері (мекенжайы, телефоны) көрсетілген мойын жіппен алып жүреді. Иесінің қалауы бойынша итке немесе оның иесіне қатысты өзге де ақпарат көрсетілуі мүмкін;
      3) жолдың өтетін бөлігін кесіп өту кезінде, жолдың өтетін бөлігінің шетіндегі қозғалыс кезінде, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беру үшін серуендетіп жүрген итті қысқа мойын тізгінімен алып жүреді;
      4) серуендеп жүрген ит адамға немесе жануарға жарақаттар келтірген жағдайда зардап шегушіге тиісті көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды.
      10. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағу кезінде, арнайы жаттықтырылған, есепте тұратын қызметтік иттер мойын тізгінсіз және тұмылдырықсыз жүре алады.
      11. Мыналарға:
      1) иттерді, мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердің аулаларында, балалар алаңдарында және басқа да балалар ойындары орындарында, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелері аумақтарында серуендетуді жүзеге асыруға;
      2) иттермен, мысықтармен (көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамдарды жетелеуші иттерден басқа) дүкендерге, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелеріне (арнайы ұйымдастырылған шараларға барудан немесе иттермен, мысықтармен бірге баруға арналған мамандандырылған мекемелерге (ұйымдарға) барудан басқа) баруға;
      3) алкогольдік, есірткі мас күйіндегі тұлғаларға иттерді серуендетуді жүзеге асыруға;
      4) иттерді, мысықтарды қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, су бұрқақтарында, су айдындарында және су тарту құрылыстарында шомылдыруға рұқсат етілмейді.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

      12. Қоғамдық орындарда оларды жетектеуші тұлғасыз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбастар деп саналады және олар аулауға жатады.
      13. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды "Ветеринария туралы" Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.
      14. Адамгершілік қағидаттарының сақталуымен бірге қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тиісті аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, ұйымдастырылады және өткізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі жұмысқа наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұрғаларға рұқсат етіледі.

5. Қорытынды ережелер

      15. Осы Қағиданы бұзу Кодекстің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады