Әкімдіктің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 231 "Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 365 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте № 5888 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 231 "Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5726 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде, 21 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын оқытудың күндізгі нысаны бойынша техникалық және кәсіптік білiмі бар мамандар даярлауға 2015-2016 оқу жылына
арналған мемлекеттік білім беру тапсырысындағы реттік нөмірі 18-жол жаңа редакцияда жазылсын:
      "

18

0506000
Шаштараз өнері және сәндік косметика

0506012
Шаштараз - модельер

25

10 ай

546

                                                          ";
      реттік нөмірі 50-жол жаңа редакцияда жазылсын:
      "

50

1211000
Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

1211032
Тігінші

15

10 ай

253,0

1211062
Арнайы тігінші

6

1 жыл 10 ай

505,0

1211062
Арнайы тігінші

25

2 жыл 10 ай

505,0

1211072
Модельер - пішуші

50

2 жыл 10 ай

460,0

                                                          ";
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оқытудың күндізгі нысаны бойынша техникалық және кәсіптік білiмі бар мамандар даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысындағы реттік нөмірі 10-жол жаңа редакцияда жазылсын:
      "

10

0506000
Шаштараз өнері және сәндік косметика

0506012
Шаштараз - модельер

25

10 ай

546

                                                          ".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                   Н. Садуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады