2015 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 16 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпанда № 5351 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2015 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысы жергілікті бюджет қаражатынан нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшерінде белгіленсін.
      3. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісінің негізінде жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарына, әлеуметтік салыққа, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне жұмсалатын шығындарын өтесін.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру уәкiлеттi орган мен қаулыға қосымшада белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген талаптар бойынша жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
 
 

      Қостанай қаласының әкімі

А. Ахметжанов


Қостанай қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы № 16
қаулысымен бекітілген

2015 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың
еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері
 


 

Ұйымдардың атауы
 

Жұмыс түрлері
 

Жұмыс көлемі,
сағатпен
 

Жұмыстардың нақты жағдайлары
 

Еңбекақы мөлшерлері мен оларды қаржыландыру көздері
 

1
 

«Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің спорт сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін аумақтарды абаттандыруға көмек көрсету.
 

3870
 

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күні, бір сағаттан кем емес түскі ас үзілісі бар қоғамдық жұмыстардың бір қатысушысының жұмыс аптасының ұзақтығы - аптасына 40 сағаттан аспайды.
 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшері
 

2
 

«Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
 

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әр түрлі құжаттарды өңдеу бойынша көмек көрсету
 

15680
 

3
 

«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
 

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әр түрлі құжаттарды өңдеу бойынша көмек көрсету
 

28600
 

4
 

«Қостанай қаласы Әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қалалық мәдениет және демалыс паркі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
 

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін орталық сквер және тобыл жанындағы парктің оңтүстік бөлігі аумағын абаттандыру жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
 

17320
 

5
 

«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
 

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әр түрлі құжаттарды өңдеу бойынша көмек көрсету
 

20200
 

6
 

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
 

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
 

7400
 

7
 

«Қостанай облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі
 

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әр түрлі құжаттарды өңдеу бойынша көмек көрсету
 

49000
 

8
 

«Тазалық-2012» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
 

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін қала аумағын абаттандыру жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
 

82320
 

9
 

«Помощь» қоғамдық қор
 

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін жүре біткен иммундық тапшылық синдромының профилактикасы бойынша әлеуметтік жұмыс жүргізуге көмек көрсету
 

23520
 

10
 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік мекемесі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Қостанай облыстық инспектурасы»
 

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
 

4704
 

11
 

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
 

Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін әр түрлі құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
 

9800
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады