"Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 1629 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 5773 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 790 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 07.04.2016 № 790 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ережені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім А. Ахметжанов

  Қостанай қаласы әкiмдігінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 1629 қаулысымен бекітілген

"Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi сәулет және қала құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесi, 128 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы: экономикалық, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, эстетикалық және басқа да талаптарға жауап беретін адамның мекендейтін толымды ортасын қалыптастыру болып табылады.
      15. Мiндеттерi:
      1) Сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, қаланы тұрақты дамыту.
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) Қаланың заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарын, заңнамада белгiленген тәртiппен қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған iргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
      2) Қала мен қала маңы аймағының ежгей-тегжиілі жоспарлау құрылыс салу жобаларын, әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
      3) Жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы қала халықтарына хабарлап отыру;
      4) Қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлi жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және iске асыру;
      5) Ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерiн таңдау, беру, алу заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, мемлекеттiк қажеттер үшiн алып қою жөнiнде шешiмдер қабылдау;
      6) Құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарықтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектiнi) консервациялау, жергiлiктi маңызы бар объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен объектiлердi (кешендердi) қабылдау жөнiндегi комиссияның құрамын белгiлеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
      8) Салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзу;
      9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету;
      10) Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) Қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселелерді шешу жөнінде ұсыныс енгізуге;
      2) Қаланың кәсiпорындары, ұйымдары құрылымдары мамандарын қоғамдық конкурстық комиссияға қатысу, тексеру мен сараптама жүргiзу үшiн олардың басшыларының келiсiмi бойынша тартуға;
      3) Өзiнiң өкiлеттiлiгiн жүзеге асыру кезiнде объектiлерді және энергетика, құрылыс, индустрия құрылысы, жол, су және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық объектiлерiн барып қарауға;
      4) Өзiнiң құзiретi шегiнде мемлекеттiк органдардан және басқа да ұйымдардан белгіленген тәртіппен қажетті мәліметтер, материалдар мен құжаттар сұратуға және алуға;
      5) "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшылықты "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бiрiншi басшысын Қостанай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      1) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      2) Заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерілде мүлiкке билік етеді;
      3) Шарттар жасасады;
      4) Сенiмхаттар бередi;
      5) Қаржылық құжаттарға бiрiншi қол қою құқығына ие;
      6) "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің оқу орындарында қызметкерлердiң оқуын және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың басқа да түрлерi, тағлымдамалар, iс-сапарлар жөнiндегi тәртiбi мен жоспарын бекiтедi;
      7) "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінiң барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi тапсырмалар бередi және бұйрықтар шығарады;
      8) "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және шығарады;
      9) "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
      10) Лауазымдық нұсқаулығына сәйкес функционалдық өз міндеттерін атқарумен орынбасарды тағайындайды;
      11) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      24. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасына тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Қостанай қаласы әкiмдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады