"Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 1626 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 5774 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 1266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 28.04.2017 № 1266 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ережені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім А. Ахметжанов

  Қостанай қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 1626 қаулысымен бекітілген

"Қостанай қаласы әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы,
негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жерлерді тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасау, жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу.
      15. Мiндеттерi:
      1) жер заңнамасын, қалалық өкілді және атқарушы органдардың шешімдерін орындау;
      2) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) Қостанай қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерді мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша ұсыныстар дайындау;
      5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      6) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      7) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;
      8) Қостанай қаласының жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      9) елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
      10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;
      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      12) Қостанай қаласының жер балансын жасау;
      13) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;
      14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру;
      15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      16) Жер Кодексінiң 71-бабына сәйкес Қостанай қаласының жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      18) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жердi анықтау;
      19) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      20) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметтерді үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету;
      21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
      22) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан белгіленген тәртіпте қажетті мәліметтер, материалдар мен құжаттар сұрату және алу;
      2) атқарушы органдардың қарауына заңнамалық актілермен көзделген негіздер бойынша жер учаскелердің меншік құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;
      3) "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтар мен міндеттері бар.

3. Мемлекеттiк
органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қостанай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      1) "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
      2) барлық ұйымдарда "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
      3) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;
      4) шарттар жасасады;
      5) сенімхаттар береді;
      6) "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің іссапарлары, тағлымдамалары, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртіп пен жоспарларын бекітеді.
      7) "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
      8) "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      9) Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
      10) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      23. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады