"Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3585 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6177 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 452 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 08.02.2017 № 452 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген Ереженің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Б. Жақыпов

  Қостанай қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 3585 қаулысымен бекітілді

"Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өнеркәсіп саласында индустриялық-инновациялық дамыту, туризмді дамыту және шағын мен орта кәсіпкерлікті қолдау аясында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 43.
      10. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің толық атауы: "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті және туризмді даму мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруда қатысу;
      2) өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыстарын талдау және болжау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге міндеттері.
      16. Функциялары:
      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;
      2) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
      3) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қостанай облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
      4) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
      5) Қостанай қаласының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асыру;
      6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
      2) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа материалдарды сұрату және алу;
      3) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамамен оған берілген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қостанай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
      3) заңнамамен белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      4) бұйрықтарды шығарады және "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқауларды береді;
      5) барлық ұйымдарда "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсынады;
      6) заңнамамен белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
      7) іс-сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру өзге де түрлері бойынша "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тәртібі мен жоспарын бекітеді;
      8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;
      9) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығы бар;
      10) шарттар жасасады;
      11) сенімхаттар береді;
      12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады