Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3585 "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 452 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 ақпанда № 6843 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3585 "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6177 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 ақпанда жарияланған).
      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Б. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады