Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 268 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 5445 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 474 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 04.05.2016 № 474 қаулысымен (қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Ш. Азнабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы М. Досболов

  Рудный қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 268 қаулысымен бекітілген

Рудный қаласы әкімдiгiнiң "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылық және ветеринария салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ветеринарлық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      3. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті (қалалық) бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі " мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі " мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік басқарманың функцияларын орындау болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) ауыл шаруашылық және ветеринария саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
      2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруға, осы салада жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін үйлестіруге қатысады;
      2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
      3) ветеринария, ауыл шаруашылығы, қайта өндеу және тұтынушылық нарығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
      4) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      9) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;
      10) Рудный қаласы аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
      11) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      12) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      13) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      14) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, қала аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және олардың қызметіне жүзеге асырады;
      15) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, өз құзыреті шегінде, басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      17. Ведомствоның функциялары:
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беру;
      4) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
      5) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
      6) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету.
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, өз құзыреті шегінде, басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыреттілігі шегінде мемлекеттік органдарынан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті сурақтар бойынша ақпарат, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрау және алу;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, басқа да құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

      19. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      21. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтарды шығарады, нұсқауларды береді және функционалдық міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне көтермелеу шараларын және тәртiптiк жазаны қолданады;
      4) жеке және заңды тұлға өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
      5) бюджет қаражатының мақсатты қолдануын қамтамасыз етеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымның директорын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      7) жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша іс-шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікті алады;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомствосындағы
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ветеринарлық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады