Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 639 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 маусымда № 5641 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 520 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 22.06.2020 № 520 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 18.11.2016 № 1480 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 2-1-тармағына сәйкес, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Коммуналдық мүлікті (бұдан әрі – Объект) иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары М.Ә. Досболовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

  Рудный қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 29 сәуірдегі
№ 639 қаулысына қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 18.11.2016 № 1480 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

р/р №

Өлшемшарттардың атауы

Иеліктен айыру түрлері

1.

- Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы;
- заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
- ең жоғары мүмкін баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және сауда - саттыққа қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі;
- мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды оларды әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде сату.

Сауданы аукцион нысанында өткізу

2.

- Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
- сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі;
- ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі;
- сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі болған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату.

Сауданы тендер нысанында өткізу

3.

- Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі.

Тікелей атаулы сату

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады