Мәслихаттың 2014 жылғы 6 тамыздағы № 198 "Қостанай облысы Арқалық қаласының Фурманов ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 232 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 5564 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 129 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 21.06.2022 № 129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 6 тамыздағы №198 "Қостанай облысы Арқалық қаласының Фурманов ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5092 тіркелген, 2014 жылғы 31 қазанда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы Арқалық қаласының Фурманов ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлек жиынды Фурманов ауылының әкімі (бұдан әрі – ауыл әкімі) шақырады.

      Арқалық қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезекті


сессияның төрайымы

Е. Цвентух

Мәслихат хатшысы

Н. Шалдыбаев

КЕЛІСІЛДІ:


Қостанай облысы Арқалық


қаласы Фурманов ауылының әкімі


_________________ Б. Досанова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады