"Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 4 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 5345 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 22.06.2016 № 120 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары Е.К. Баймағамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ахметов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 5 қаңтардағы
№ 4 қаулысымен бекітілген

"Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi ауданда ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің осы Ереже қосымшасында көрсетілген ведомстволары бар.
      3. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз құызыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110110, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесi, 4.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы: ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Мiндеттері:
      1) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту облысында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
      2) жалпы мемлекеттiк саясатты ауданның аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз ету;
      2) ауданда мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөніндегi консультациялық-кеңесші органын құру;
      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің аудан аумағында пайдалануын (тігілуін, орналастыруын) бақылауды жүзеге асыру;
      4) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;
      5) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      6) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзу;
      7) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзу;
      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттері:
      1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан өз қызметтерін орындау үшiн қажеттi ақпараттарды сұрау;
      2) белгіленген заңнамалық тәртіппен "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      3) "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсінік беру;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ, аудан, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және босатады;
      2) "Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауына міндетті бұйрықтар шығарады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіпте "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      4) жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша іс-шаралар қабылдамағаны үшін жаупкершілікті алады.
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделеріне мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен барлық қарым-қатынастарда өкілдік етеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      22. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кірістер есебінен қалыптастырады.
      24. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      26. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырылады.

  "Алтынсарин ауданы
әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет
және тiлдердi дамыту бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесi туралы
ережеге қосымша

"Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесі;
      2) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" мемлекеттік мекемесі;
      3) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар бастамаларының орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады