2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 131 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 шілдеде № 5762 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және басым ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басым ауыл шаруашылығы дақылдарының ұсынылатын оңтайлы себу мерзімдері туралы 2015 жылғы 26 мамырдағы № 1-137 хаты негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тізімге қосу үшін өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға жанар -жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері - 2015 жылғы 22 маусымнан бастап 30 маусымға дейін айқындалсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
      3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С. Алпысбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Алтынсарин
      ауданының әкімі                            Б. Ахметов

Әкімдіктің     
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 131 қаулысына қосымша

2015 жылға арналған субсидияланатын
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір
түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері

Оңтайлы себу мерзімдері

1

Жаздық бидай

15 мамырдан бастап 12 маусымға дейін

2

Жаздық қатты бидай

18 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

3

Сұлы, арпа

15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін

4

Тары, қарақұмық

20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін

5

Бұршақтұқымдас дақылдар

15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін

6

Күнбағыс

10 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

7

Рапс

20 мамырдан бастап 8 маусымға дейін

8

Зығыр

12 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

9

Мақсары

10 мамырдан бастап 2 маусымға дейін

10

Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс

15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

11

Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

бірінші мерзім - 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім - 5 шілдеден бастап 31 тамызға дейін

12

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер

бірінші мерзім - 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім - 5 шілдеден бастап 31 тамызға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады