Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары Е.К. Баймағамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Б. Ахметов |
Әкімдіктің |
|
2015 жылғы 4 тамыздағы |
|
№ 153 қаулысымен бекітілген |
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі
р/с |
Азаматтар санаты |
Жеңілдіктер мөлшері |
1 |
7 жасқа дейінгі балалар |
Тегін |
2 |
Қөп балалы отбасыларынаң оқушы - балалар |
Тегін |
3 |
Балалар үйлерінен оқушы-балалар |
Тегін |
4 |
Спорт ардагерлері |
Тегін |
5 |
Оқушылар |
Тегін |
6 |
Студенттер |
Тегін |
7 |
Зейнеткерлер |
Тегін |
* Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.