"Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 237 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қаңтарда № 6118 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 22.06.2016 № 120 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ахметов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 237 қаулысымен бекітілген

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1.Жалпы ережелер

      1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алтынсарин аудандық ветеринарлық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
      3. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110110, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегінде ветеринария саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
      2) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
      3) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеуін ұйымдастырады;
      4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
      5) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актілерін береді;
      6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      7) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзіреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Ведомствосының функциялары:
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
      4) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды өткізу;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
      6) биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
      7) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) тиісті мемлекеттік органдар, ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа орталық атқарушы органдарының, облыс, аудан әкімі және әкімдігінің, актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
      2) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерін орындауға дербес жауапты болады, бюджеттік қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етеді;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлердің өкілеттіктері және міндеттерін айқындайды;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады