Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Амангелді ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті он бесінші сессия төрағасы | Р. Есмағамбетов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Ә. Саматов |
КЕЛІСІЛДІ:
Амангелді ауданының әкімі
___________ Ж.Қ. Таукенов
27 мамыр 2015 жыл
Мәслихаттың 2015 жылғы 27 мамырдағы № 320 шешіміне қосымша |
Амангелді ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары
№ | Елді мекендердің атауы | Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарының атауы |
1 | Амангелді ауылдық округі | Амангелді ауылындағы Наурыз алаңы |
2 | Ақсай ауылы | Ақсай ауылы Бейбітшілік көшесіндегі орталық алаң |
3 | Амантоғай ауылдық округі | Амантоғай ауылы Кейкі батыр көшесіндегі орталық алаң |
4 | Байғабыл ауылдық округі | Байғабыл ауылы Қостемір Құлымбетов көшесіндегі орталық алаң |
5 | Құмкешу ауылдық округі | Құмкешу ауылы Шотбай Әбенов көшесіндегі орталық алаң |
6 | Қарасу ауылдық округі | Қарасу ауылы Қошан Есполов көшесіндегі орталық алаң |
7 | Қарынсалды ауылдық округі | Қарынсалды ауылы Тәуелсіздік көшесіндегі орталық алаң |
8 | Қабырға ауылдық округі | Қабырға ауылы Желтоқсан көшесіндегі орталық алаң |
9 | Тасты ауылы | Тасты ауылы Кейкі батыр көшесіндегі орталық алаң |
10 | Үрпек ауылдық округі | Үрпек ауылы Амангелді Иманов көшесіндегі орталық алаң |
11 | Үштоғай ауылдық округі | Үштоғай ауылы Школьная көшесіндегі орталық алаң |