Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 24 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 мамырда № 6400 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 21.09.2020 № 401 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында қоса беріліп отырған жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидалары бекітілсін.

      2. Мәслихаттың 2015 жылғы 27 мамырдағы №320 "Амангелді ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5708 тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Амангелді арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Кезектен тыс сессия төрағасы,


аудандық мәслихат хатшысы

Қ. Кеделбаев


      Амангелді ауданының әкімі

      _____________ Ж. Таукенов


  Мәслихаттың
  2016 жылғы 11 мамырдағы
  № 24 шешімімен бекітілген

Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидалары

      1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы ауданның жергiлiктi атқарушы органына (бұдан әрі – Амангелді ауданының әкімдігі) өтiнiш берiледi.

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Амангелді ауданының әкімдігіне тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      4. Амангелді ауданының әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.

      5. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы Қағидалардың 3-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда Амангелді ауданының әкімдігі жіберілген бұзушылықтарды жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      6. Амангелді ауданның әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады.

      7. Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      8. Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтау қажет.

      11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) Амангелді ауданы әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      7) алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.

      12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу орындарында:

      1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды, прекурсорларды пайдалануға;

      2) мазмұны қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға бағытталған, сондай-ақ қорлайтын транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (визуалды, аудио/ видео), сондай-ақ көпшілік сөз сөйлеулерді қолдануға жол берілмейді.

      13. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      14. Қоғамдық тәртіпті және пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) түрлі дара пикеттердің қатысушыларына анық көрініп тұрып орналасу қажет;

      2) Амангелді ауданының әкімдігі бір күні және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын дара пикет өткізуге рұқсат бере алады;

      3) пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында орналасуға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, құлақтандырулар айқайлауға рұқсат етіледі.

      15. Пикет жалғастырудың өзге нысаны (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) айқындалған жағдайда белгіленген тәртіппен Амангелді ауданының әкімдігінен рұқсат алу қажет.

      16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:

      1) өтiнiш берiлмеген болса;

      2) оларды өткiзу кезінде "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарында көзделген тәртiп бұзылған жағдайда Амангелді ауданының әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 12.03.2020 № 369 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Амангелді ауданының әкімдігі өкiлiнiң заңды талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

      18. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      19. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.

      20. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізу кезінде, оның ішінде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және техникалық қамсыздандыру жөнiндегi барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.

  Жиналыстар, митингiлер,
шерулер пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына 1-қосымша

Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 12.03.2020 № 369 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Жиналыстар мен митингiлерді өткізу орындары

1

Наурыз алаңы


  Жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына 2-қосымша

Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 12.03.2020 № 369 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Шерулер мен демонстрацияларды өткізу маршруттары

1

Ахмет Байтұрсынов - Әубәкір Дүйсенбин көшелерінің қиылысы – Таңатқан Палуан көшесі – Наурыз алаңы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады