Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл" ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Балғарин |
Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 179 қаулысымен бекітілді |
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Әулиекөл ауданының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Әулиекөл ауданы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің мынадай ведомствосы бар:
Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Әулиекөл аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды түлғаның орналасқан жері: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов қөшесі, 1-Г.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.
16. Функциялары:
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
4) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) аудан аумағында аудандық дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
6) спортшыларға: 2-разрядтыспортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етедi;
10) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттерiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары және міндеттері:
1) белгіленген заңнамалық тәртіппен "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсінік беру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да жергілікті атқарушы органдардың, сондай – ақ, Әулиекөл ауданы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерге орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқамалар береді;
2) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазаларға тартады;
4) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
5) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;
6) өз құзыры шегінде гендерлік саясатты жүзеге асырады;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттенуге шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікті алады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес, осы Ережесімен басқа да функцияларды жүзеге асырады.
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату
24. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырылады.