Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 наурызда № 5389 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 10.07.2024 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 5215 тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

      1-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезекті


он үшінші сессиясының төрайымы

Г. Микулич

Денисов аудандық


мәслихатының хатшысы

А. Мұрзабаев

КЕЛІСІЛДІ


"Денисов ауданы әкімдігінің


экономика және қаржы бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы


_______________С.Ф. Рахметова


2015 жыл "09" ақпан


"Денисов ауданының жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысының


міндетін атқарушы


_______________Л.А. Дранчуковская


2015 жыл "09" ақпан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады