"Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 74 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 мамырда № 5616 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 23.05.2016 № 154 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Б.С. Смадияровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Жаманов

  Әкімдіктің 2015 жылғы
14 сәуірдегі № 74 қаулысымен
бекітілген

"Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      1) "Денисов ауданының әкімдігі мен Денисов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2) "Денисов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Денисов орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.
      3. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, № 5.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерімен "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік басқару қызметтерін жүзеге асыру, өз құзыреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Мiндеттерi:
      1) аудан аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) аудан аумағындағы тұрғындардың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлері мен салттардың дамуына ықпал жасау, тарихи және мәдени мұраны сақтау;
      3) аудандағы мәдениет жүйесінің қызмет етуін мемлекеттік қамтамысыз ету және қоғамның өзгермелі мұқтаждықтарына және жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сәйкес әлеуметтік қорғау;
      4) мемлекеттік тілді оқыту және енгізу жолымен ұлттық келісімді нығайтуға, мемлекеттік тілдін қолданылуын кеңейтуге жәрдемдесу.
      16. Функциялары:
      1) аудан аумағында тұратын барлық ұлыстардың мәдениетін сақтау және дамыту үшін жағдай жасауына, ауданның мәдениет саласына және мәдениет өміріне қатысуына қызмет етуіне Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау үшін мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) азаматтардың шығармашылық тәуелсіздігіне, мәдени қызметіне, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру құқықтарын іске асыруға жәрдемдеседі;
      3) мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалануда барлық азаматтардың құқықтары және мүмкіндіктері теңдігін сақтайды;
      4) әлемдік және отандық өнердің ең жақсы үлгілеріне аудан тұрғындарының түрлі санаттарына баулу, азаматтардың мүдделеріне және қабілеттеріне сәйкес өздерінің шығармашылық қызметтерінің бостандығына жәрдемдеседі;
      5) халық мейрамдарын мен дәстүрлерін, фольклорын сақтауға және дамытуға, халықтың көркемдік кәсіпшіліктерін және қолөнерін қайта түлетуге жәрдемдеседі;
      6) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
      7) аудан деңгейінде мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай - ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар және конкурстар өткізілуін жүзеге асырады;
      8) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауын хабарлау туралы заңнамамен белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізеді;
      9) "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша мәдениет саласындағы ұйымдарына, шығармашылық ұжымдарына және басқа да қоғамдық ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық көмек көрсетеді;
      10) мемлекеттік тілді жетік меңгеру үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға мүмкіндік ықпал етеді;
      11) мәдениет және өнер нысандарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдарынан және лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысын аудан әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
      2) "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің лауазымды қызметкерлерін қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнатылған тәртіпте "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне мадақтау шараларын қолданады және тәртіптік жазалар салады;
      4) өз құзыреті шегінде "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және олардың орындалуын тексереді;
      5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
      6) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттесуіне бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапкершілікке тартылады.
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
      "Денисов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      22. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi, оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      23. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады