Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 18 "Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 53 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 шілдеде № 5731 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2022 жылғы 9 маусымдағы № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.06.2022 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 43-1 бабына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 18 "Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4546 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларында:

      5, 6-тармақтары мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "5. Аршалы ауылдық округі ауылдардың шегінде бөлек жиынды өткізуді Аршалы ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Аршалы ауылдық округі ауылдардың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихатының кезектен


тыс сессиясының төрағасы

Ж. Ахметов

Денисов аудандық


мәслихатының хатшысы

А. Мұрзабаев

КЕЛІСІЛДІ


Қостанай облысы Денисов ауданы


Аршалы ауылдық округінің әкімі


__________________ А. Жақұпов


2015 жыл "19" маусым



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады