"Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 150 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 5886 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 23.05.2016 № 154 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабыны, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.В.Филатоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Жаманов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 14 тамыздағы
№ 150 қаулысымен
бекітілген

"Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорты дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. 2."Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Денисов аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 03.11.2015 № 211 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       3. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органындарында шоттары болады.
      5. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлерімен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 110500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, №5.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
      15. Мiндеттерi:
      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
      3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
      2) аудандық деңгейдегі спорт түрлері бойынша жарыстар өткізеді;
      3) әртүрлі спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
      5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      6) материалдық-спорттық базаның дамуын қамтамасыз етеді;
      7) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
      8) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      9) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ведомстволардың функциялары:
      1) балалар мен жасөспірімдер арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене жетілуіне бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмысын жүзеге асыруы;
      2) балалар мен жасөспірімдерді жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту жөнінде жұмыс жүргізу; жалпы білім беретін мектептерде жүргізілетін спорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты жәрдем көрсету;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсыну;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу және жазалау шаралар қолдану;
      4) өз құзыреті шегінде "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдарға орындауға міндетті бұйрықтар шығару және олардың орындалуын тексеру;
      5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің жеке қабылдауын жүргізу;
      6) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікке тарту;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады