"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Жангелдин аудандық аумақтық сайлау комиссияның келісімі бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жангелдин ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 ақпандағы №1 "Жангелдин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4473 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 наурызда "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында Н.Г. Иванов көшесінің атауы Жақан Қосабаев көшесіне өзгертілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі А. Кенжегарин