Жангелдин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 208 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 5444 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 14.04.2016 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу мақсаттында Жангелдин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Мәслихаттың 2009 жылғы 8 сәуірдегі №103 "Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізудің тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9-9-104 тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
      Жангелдин аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы Т. Мырзагалиев
      Жангелдин ауданының
      мәслихатының хатшысы С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ
      Жангелдин ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы
      ______________ Ш. Оспанов
      2015 жылғы "26" ақпан

  Мәслихаттың
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 208 шешіміне қосымша

Жангелдин ауданы аумағында бейбіт
жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер
және демонстрациялар өткізу орындары


Елді мекендердің атауы
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарының атауы
1
Торғай ауылы
Торғай ауылындағы Шақшақ Жәнібек алаңы
2
Ақшығанақ ауылдық округі
Ақшығанақ ауылы Тәуелсіздік көшесіндегі орталық алаң
3
Албарбөгет ауылдық округі
Көкалат ауылы Айса Нұрманов көшесіндегі орталық алаң
4
Амангелді ауылдық округі
Шеген ауылы Хамза Нарымбаев көшесіндегі орталық алаң
5
Жаркөл ауылдық округі
Тәуіш ауылы Таңатқан Дүйсекеев көшесіндегі орталық алаң
6
Қалам–Қарасу ауылдық округі
Қаламқарасу ауылы Әмірғали Душатов көшесіндегі орталық алаң
7
Қызбел ауылдық округі
Саға ауылы Күдері ақын көшесіндегі орталық алаң
8
Аралбай ауылы
Аралбай ауылы Тәуелсіздік көшесіндегі орталық алаң
9
Ақкөл ауылы
Ақкөл ауылы Кенжеғали Сағадиев көшесіндегі орталық алаң
10
Қарасу ауылы
Қарасу ауылы Тәуелсіздік көшесіндегі орталық алаң
11
Сужарған ауылы
Сужарған ауылы Астана көшесіндегі орталық алаң
12
Милісай ауылы
Милісай ауылы Жастар көшесіндегі орталық алаң
13
Шилі ауылы
Шилі ауылы Фатхолла Кірмаңдаев көшесіндегі орталық алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады