Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 219 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 5527 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 253 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.01.2016 № 253 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 387 бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Жангелдин аудандық
      мәслихаты кезектен тыс
      сессиясының төрағасы

Т. Нүретденұлы

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы

С. Нургазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады