"Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 20 қаулысы. Қостанай облысының Әділет депаратментінде 2015 жылғы 11 наурызда № 5413 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 15.06.2016 № 89 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Е. Карбозов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 20 қаулысымен бекітілген

"Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар:
      "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қамысты аудандық ветеринария станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
      3. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жұзеге асырады.
      4. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, 50 лет Октября көшесі, 1 А үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кiрiстер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
      15. Міндеттері:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      13) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      15) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      16) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      17) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      Ведомствоның функциялары:
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      4) қаңғыбыс иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
      6) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
      7) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да мәліметтерді сұрауға және алуға;
      2) облыс және аудан әкімінің актілер мен тапсырмаларын, Қазақстан Республика заңдарының орындау барысында анықталған бұзушылықтарды және кемшіліктерді жоюды талап ету;
      3) Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасын сақтау, сонымен қатар оған жүктелген мақсаттар мен міндеттерін орындалуын міндетті;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа құқықтарын және міндеттерін жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      18. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қамысты ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз құзыреті шегінде "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
      2) "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жұмысқа дербес жауапты болады;
      4) заңнамаға сәйкес "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады және мадақтау шараларын қолданады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
      "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      25. "Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қамысты аудандық ветеринария станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады