Қостанай облысы Қамысты ауданы Богданов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 338 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6162 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2017 жылғы 26 шілдедегі № 104 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 26.07.2017 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қамысты ауданы Богданов ауылдық округі ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қамысты ауданы Богданов ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Орқашбаев
      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы Б. Рахимжанов

  Мәслихаттың
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 338 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қамысты ауданы Богданов ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1

Фрунзе ауылы

15

2

Богдановка ауылы

1

  Мәслихаттың
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 338 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қамысты ауданы Богданов ауылдық округі ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қамысты ауданы Богданов ауылдық округі ауылдарының (бұдан әрі – Богданов ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Богданов ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Богданов ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Богданов ауылдық округі әкімі шақырады.

      Қамысты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шакырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Богданов ауылдық округінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Богданов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Богданов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Богданов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Богданов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Богданов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қамысты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Богданов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Богданов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады