"Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 239 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 5903 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 04.05.2016 № 99 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында қайта тіркеу қамтамасыз етілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Исмағұлов

  Қарабалық ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 239 қаулысына қосымша

"Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы ережелер
      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствалары бар: Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарабалық аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік мекемесі, Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарабалық аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі, "Қарабалық ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 31.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы: "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
      2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
      функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
      14. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі миссиясы – мәдениет пен өнердің байытуына үлесін қосатын мәдени ортасын сақтау, дамыту, әлемдік және отандық классика мен қазіргі заманның жетістіктерін насихаттау.
      Мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, мемлекеттік тілді және ауданда тұратын басқа да этникалық топтардың тілдерін серпінді дамыту.
      15. Мiндеттерi:
      1) мәдениет саласында сапалы және қол жетімді қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
      2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
      3) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
      5) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және нығайтушы функцияларын кеңейту.
      16. Функциялары:
      1) мәдениет мекемелерінің халықтың демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметін қолдау және үйлестіру;
      2) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзу;
      3) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      4) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстарды енгiзу;
      5) өздерінің ұлттық-мемлекеттік ортасынан тыс өмір сүретін азаматтардың аудан аумағындағы қоғамдық орталықтарының және ұлттық мәдениет ұйымдарының қызметіне жәрдемдесу және қолдау көрсету;
      6) ауданның мәдениет мекемелерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес сала қызметкерлерінің мүдделерін ұсынады;
      8) Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Үкіметінің қаулыларын, аудан және облыс әкімдіктерінің қаулыларын, әкімдердің шешімдері мен өкімдерін орындау бойынша тиісті органдарға өз құзыреті мәселелері бойынша есептерді, ақпараттарды уақытында дайындау, ұсыну;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өз қызметін басқа да атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
      2) өз құзіреті шегінде заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша (сауалдар негізінде) жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды алу;
      3) "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алуға, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өз мүдделерін ұсыну;
      5) "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігімен және әкіммен қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар енгізу;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтары мен міндеттері.
      3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
      18. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
      1) "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді;
      5) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      7) "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға қабылдау үшін дербес жауап береді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерін жүзеге асырады.
      "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. Мемлекеттік органның мүлкi
      21. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      24. "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады