"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында қайта тіркеу қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Исмағұлов |
Әкімдіктің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 244 қаулысымен бекітілген |
"Қарабалық ауданы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар: "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жас әлем" жастар бастамаларының орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 31.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ұлтымыздың алдында тұрған стратегиялық міндеттерді бірыңғай ұғымының негізінде азаматтардың әлеуметтік сенімін қалыптастыру және мемлекеттікті нығайту, аудан тұрғындарының бірігіуіне бағытталған ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге ықпал жасау болып табылады.
15. Міндеттері:
1) Ауданда жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мемлекеттің ішкі саясатын орындау, іске асыру, қамтамасыз ету;
2) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдылықтарын, Қазақстан халқына мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен түсіндіру;
3) Қарабалық ауданы аумағында діни, жастар, ауданның үкіметтік емес бірлестіктеріне қатысты мемлекеттің саясатын жүйелі жүзеге асыру, саяси партиялармен байланысын жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;
2) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша, оны жүргізу бойынша аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
3) Қарабалық ауданындағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды, діни мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмысын жүргізу;
4) Қарабалық ауданының жастар саясатын іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, жастар және балалар бірлестіктерінің дамуына жәрдемдесу, жастар іс-шараларын өткізу;
5) мемлекеттік қызметтер тізімдемесіне байланысты заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметті көрсету және бөлім құзыретіне жататын электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуді қамтамасыз ету;
6) коммерциялық емес ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
7) Қарабалық ауданы аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануына (орнатуына, орналастыруына) бақылауды жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқару органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктер.
17.Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
2) ауданның қоғамдық-саяси ахуалына талдау жүргізу;
3) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан сұрату, "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды өңдеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
4) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сонымен қатар әкім мен аудан әкімдігінің актілері мен тапсырыстарын сапалы, мерзімінде орындау;
5)қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.
19. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінінің басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басшының өкілеттілігі:
1) "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда ұсынады;
2) "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;
3) "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша жүргізілетін жұмысқа дербес жауап береді;
4) "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін анықтайды;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
6) белгіленген заңнамаға сәйкес көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
7) "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
8) міндеттер мен төлемдер бойынша "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жоспарын, құрылым мен штаттық кестені бекітеді, міндетті түрде орындалатын бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.