"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Исмағұлов |
Әкімдіктің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 336 қаулысымен бекітілген |
"Славен ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер1. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалды-техникалық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ведомстволары жоқ.
3. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы белгіленген заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110912, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Славен ауылы.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан, қамтамасыз ету болып табылады.
15. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын, қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқару;
3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу, демократиялық әдістерімен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешу;
4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының және олардың елдің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымдарының деңгейін арттыру;
5) Қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс–қимыл жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
2) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
3) "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлайды, кеңестер, семинарлар және басқа да шараларды өткізуді, оларды дайындауын және өткізуді ұйымдастырады;
4) Славен ауылдық округі әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын дайындайды;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) әкімнің актілерін тиісті ресімдеуін және таратуын қамтамасыз етеді;
7) "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің іс қағаздар жоспарына сәйкес ұйымдастырылады;
8) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, әкімнің жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастырады;
9) мемлекеттік тілдің қолдану аясында кеңейтуге бағытталған шаралар қолданады;
10) жұмыстың стилін, әдісін жақсарту шараларын және жаңа ақпараттық технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;
11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
12) елді мекендердің санитарлық тазалау және көгалдандыру, жарықтандыру, көріктендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) Осы Ережемен қарастырылған негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін, "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз өкілетінде мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан керекті ақпараты, құжаттарды және басқа да материалды алу мен сұрауға құқылы;
2) Мемлекеттік органдыру құзыретіне жатқызылған мәселер бойынша қоғамның құқылы мен заң мүшесіне түсіндірме беру;
3) "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
4) Қазақстан Республикасына заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.
19. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы орынбасары жоқ.
21. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімнің өкілеттігі:
1) "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
2) "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін әзірлейді, "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санын бекітуге аудан әкімдігіне ұсыныстар енгiзедi;
3) "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіедегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
4) "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне өкілеттігін және міндеттерін анықтайды;
5) "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
6) "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді, шешімдер мен өкімдер шығарады;
7) ауылдық қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты ұйымдастырады;
9) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
10) "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іс–сапарларға жолдайды;
11) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүзеге асырады;
12) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;
13) өз құзыреті шегінде "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражатына иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
14) Өз құзыреті шегінде гендерлік саясаты іске асырады;
15) Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес – өзге де өкілетіктерді жүзеге асырады.
"Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Славен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.