"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Ғабдулин |
Әкімдіктің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 339 қаулысымен бекітілген |
"Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер1. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалды-техникалық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ведомстволары жоқ.
3. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы белгіленген заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110915, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Тоғызақ ауылы, Степная көшесі.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауылы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан, қамтамасыз ету болып табылады.
15. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын, қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқару;
3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу, демократиялық әдістерімен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешу;
4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының және олардың елдің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымдарының деңгейін арттыру;
5) Қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс–қимыл жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
2) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
3) "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлайды, кеңестер, семинарлар және басқа да шараларды өткізуді, оларды дайындауын және өткізуді ұйымдастырады;
4) Тоғызақ ауылы әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын дайындайды;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) әкімнің актілерін тиісті ресімдеуін және таратуын қамтамасыз етеді;
7) "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің іс қағаздар жоспарына сәйкес ұйымдастырылады;
8) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, әкімнің жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастырады;
9) мемлекеттік тілдің қолдану аясында кеңейтуге бағытталған шаралар қолданады;
10) жұмыстың стилін, әдісін жақсарту шараларын және жаңа ақпараттық технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;
11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
12) елді мекендердің санитарлық тазалау және көгалдандыру, жарықтандыру, көріктендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) Осы Ережемен қарастырылған негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін, "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз өкілетінде мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан керекті ақпараты, құжаттарды және басқа да материалды алу мен сұрауға құқылы;
2) Мемлекеттік органдыру құзыретіне жатқызылған мәселер бойынша қоғамның құқылы мен заң мүшесіне түсіндірме беру;
3) "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
4) Қазақстан Республикасына заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылы әкімі жүзеге асырады.
19. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы орынбасары жоқ.
21. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімнің өкілеттігі:
1) "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
2) "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін әзірлейді, "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санын бекітуге аудан әкімдігіне ұсыныстар енгiзедi;
3) "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіедегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
4) "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне өкілеттігін және міндеттерін анықтайды;
5) "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
6) "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді, шешімдер мен өкімдер шығарады;
7) ауылдық қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты ұйымдастырады;
9) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
10) "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іс–сапарларға жолдайды;
11) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүзеге асырады;
12) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;
13) өз құзыреті шегінде "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражатына иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
14) Өз құзыреті шегінде гендерлік саясаты іске асырады;
15) Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес – өзге де өкілетіктерді жүзеге асырады.
"Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.