"Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 44 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қаңтарда № 5343 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 19.05.2016 № 132 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес әділет органдарында жоғарыда көрсетілген Ережені тіркеуін қамтамасыз етілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Шәмшиев

  Әкімдіктің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 44 қаулысымен бекітілген

"Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер
      1. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің және әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исақов көшесі, 73.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
      функциялары, құқықтары мен міндеттері
      14. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімінің және әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) Аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық -талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттыру;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) ауыл және ауылдық округ әкімдерінің, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдары жұмысын зерделеу және талдау;
      2) аудан әкімдігінің және әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыру, сонымен бірге "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ресми сайтын қолдау және дамыту;
      3) әкімнің шешімдері мен өкімдері, әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлеу, әділет органдарында тіркеу, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      4) аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде, сонымен бірге ауыл және ауылдық округ әкімдерінің атқарушы тәртіп жағдайын талдау;
      5) "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, әкімдіктің отырысын, кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шараларды дайындауды ұйымдастыру мен өткізу;
      6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерін орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      7) "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс қағаздарын жүргізу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құпия іс қағаздарын жүргізу;
      8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және қызметтік құжаттарың мен қарау;
      9) басшылықпен азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;
      10) мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қолдану;
      11) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ішкі бақылауды және сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
      12) "электронды үкімет" бағдарламасын қолданысқа енгізу және іске асыру, ақпараттық теңсіздікті төмендету және ақпараттық технологиялармен байланысты басқа да мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      13) грамотамен, мемлекеттік наградамен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындау;
      14) мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын орындау бойынша "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыру және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу;
      16) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды іске асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау жөніндегі уәкілетті органға сәйкес ақпаратты ұсыну;
      3) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа құқықтары мен міндеттерін іске асыру.
      3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
      18. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.
      19. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қарасу ауданының әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
      2) "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына дербес жауап береді;
      3) "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, құрылымы және штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды бекітуге енгізеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілер мен басқа да қызметкерлерге материалдық ынталандырулар (сыйақылар), қосымша төлемдер белгілейді;
      4) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, әкіммен тағайындалатындардан басқа, қызметкелерді тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
      7) "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкелері міндетті түрде орындауға тиісті бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
      8) құзіреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
      9) "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкелерін іссапарларға жібереді;
      10) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылауды іске асырады;
      11) өз құзыреті шегінде "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражаттарын басқарады, қаржылық құжаттарға қол қояды;
      12) әкім жүктеген өзге де өкілеттілікті орындайды.
      "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
      21. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысы басқарады.
      4. Мемлекеттік орган мүлкі
      22. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      25. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады