"Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 147 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 шілдеде № 5722 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 19.05.2016 № 132 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданызқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді заңнамамен белгіленген мерзімде жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.З. Балжақаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Шәмшиев

  Әкімдігінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 147 қаулысымен бекітілген

"Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

      1. Жалпы ережелер
      1. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
      3. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исақов көшесі, 66.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
      14. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегінде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен жердің мониторингін, мемлекеттік кадастрын жүргізуін ұйымдастыру;
      3) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      4) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзділген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылар, алқаптарының санаттары бойынша олардың бөлінуі және қолда бар жерлер туралы балансын жасайды;
      2) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындайды;
      3) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      4) жерлер және пайдаланылмай жатқан жерлер, заңнаманы бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді анықтайды;
      5) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізеді;
      6) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      7) жер учаскесін немесе жерді пайдалануқұқығын сату жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      9) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      10) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      11) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
      2) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
      18. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарасу ауданының әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әрекет жөніндегі қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;
      2) еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметкерлер мен өзге де қызметкерлерге заңнамада белгіленген тәртіппен материалдық ынталандырулар (сыйақылар), қосымша төлемдер белгілейді және тәртіптік жаза қолданады;
      3) "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкелері міндетті түрде орындауға тиісті бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
      4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
      "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. Мемлекеттік органның мүлкі
      21. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      24. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады