"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына, сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
2. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді заңнамамен белгіленген мерзімде жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.К. Бекмағанбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Шәмшиев |
Әкімдіктің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 153 қаулысымен бекітілген |
"Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер1. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
"Қарасу аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекетік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқаң жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исақов көшесі, 75.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы функцияларын қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірынғай өңірлік күнтiзбесін iске асыру;
2) аудандық денгейде спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу;
3) әртүрлі спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
4) қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметін көрсету;
5) мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ведомствоның функциялары:
1) спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
2) жасөспірімдер және балалар арасында отансүйгіштікті тәрбиелеу және салауатты өмір салтына қызығушылығын оятуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмысын өткізу.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарасу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
2) "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі шараларды қабылданбағаны үшін дербес жауап береді;
3) "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіппен "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ыңталандыру шараларын қабылдайды, тағайындайды және босатады;
5) "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;
6) мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының көзделгензаңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды.
"Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Қарасу аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.