Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 126 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 сәуірде № 5502 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 11.01.2016 № 16 қаулысымен (қол қойылғаннан кейін күшіне енеді).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Т. Исабаев


Әкімдіктің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 126 қаулысымен бекітілген

Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар:
      "Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Қазақ көшесі, 5.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі.
      11. Осы Ереже Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
 

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан халқының әлеуметтік қорғау саласын дамытуда және жетілдіруде жәрдемдесу бойынша мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.
      15 Міндеттері:
      1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру және үйлестіру;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) нормативтік құқықтық актілерді, халықтың өмір деңгейін көтеру және тұрақтандыруға бағытталған аумақтық бағдарламаларды дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;
      5) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;
      6) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара әрекет ету;
      7) еңбек рыногын талдау және болжау, еңбек рыногының жай-күйі туралы халыққа және жергілікті атқарушы органдарға хабарлау;
      8) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзу;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
      10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
      11) қолданыстағы заңнамаға, еңбек рыногының қажеттілігіне сәйкес жұмыссыздар мен азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      12) жиырма тоғыз жастан аспайтын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тіркелген жұмыссыздарға арналған жастар практикасын ұйымдастыру;
      13) "Аудан аумақтарын дамыту" мемлекеттік бағдарламасын құруда қатысу;
      14) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін орындау;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ведомствоның функциялары:
      1) жұмыс берушілердің - кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, ауданның аумағында жұмыс істеп тұрған барлық заңды және жеке тұлғалардың есебін жүзеге асырады;
      2) ағымдағы бос орындар мен сұранысқа ие мамандықтар бойынша болжамды жұмыс орындарын құру туралы деректерді, оның ішінде бос жұмыс орындары туралы (бос қызметтер), еңбек рыногындағы ұсыныс пен сұраныс, болжамды бос орындар мен босатылатын мамандардың түйіндемесі туралы деректерді қамтитын жалпыұлттық деректер базасын толықтырып отыру;
      3) Қазақстан Республикасының ведомствасына қойылатын өзге де функцияларды орындайды.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін өз құзыреттілігі шегінде тиісті мемлекеттік басқару органдардан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан ақпаратты сұрату және алу;
      2) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
 

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің басшылықты Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң басшысы Қостанай ауданы әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
      барлық ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүдделерiн бiлдiредi және мемлекеттiк мекеменiң атынан сенiмхатсыз iс-әрекет етедi;
      қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
      қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттерін және олардың жауапкершілік дәрежесін бөледі және бекітеді, бюджеттік қаражаттарды нысаналы пайдалануды қамтамасыз етеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      iссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердi оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, қызметкерлерiне көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
      заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк етедi;
      өзiне заңдарда, осы Ережеде жүктелген және уәкiлеттi орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын басатын тұлға жүзеге асырады.
 

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
 

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жүргізуіндегі ұйымдардың және оның ведомствосындағы тізбесі

      "Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады