Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 16 қаулысы

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы оған қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Қостанай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 16 қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 126 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5502 болып тіркелген, "Арна" газетінде 2015 жылдың 16 сәуірінде жарияланған);
      2. "Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 469 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5912 болып тіркелген, "Арна" газетінде 2015 жылдың 8 қазанында жарияланған);
      3. "Қостанай ауданы әкімдігінің "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 476 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5913 болып тіркелген, "Арна" газетінде 2015 жылдың 8 қазанында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады