Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 402 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 тамызда № 5809 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 11.01.2016 № 2 қаулысымен (оған қол қойылғаннан кейін күшіне енеді).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабына238-бабының 3-тармағына сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 27 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                Т. Исабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ___________ А. Досжанов
      2015 жыл 27 шілде

Әкімдіктің       
2015 жылғы 27 шілдедегі 
№ 402 қаулысына қосымша 

Азаматтық қызметші болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) басшы;
      2) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
      4) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      6) жұмыспен қамту орталығының маманы.
      2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) басшы, директор, меңгеруші;
      2) басшының, директордың орынбасары;
      3) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
      4) оқытушы;
      5) педагог-психолог; психолог;
      6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      7) әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;
      8) әдістемеші;
      9) өндірістік оқыту шебері;
      10) аға жетекші;
      11) әлеуметтік педагог;
      12) логопед-мұғалім, логопед;
      13) кітапхана меңгерушісі;
      14) кітапханашы;
      15) қосымша білім беру педагогы;
      16) тәрбиеші;
      17) дәрігер;
      18) медициналық бике;
      19) емдәм бикесі;
      20) дефектолог мұғалім;
      21) музыкалық жетекші;
      22) концертмейстер;
      23) дене тәрбиесінің нұсқаушысы.
      3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) басшы, директор;
      2) басшының, директордың орынбасары;
      3) бөлім меңгерушісі;
      4) үйірме жетекшісі;
      5) музыкалық жетекші;
      6) аға кітапханашы, кітапханашы;
      7) библиограф;
      8) мәдени ұйымдастырушы;
      9) аккомпаниатор;
      10) аға әдістемеші, әдістемеші;
      11) суретші;
      12) оқытушы.
      4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) директор;
      2) директордың орынбасары;
      3) медициналық бике;
      4) жаттықтырушы-оқытушы;
      5) спорт жөніндегі нұсқаушы;
      6) әдістемеші.
      5. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мал дәрігері;
      2) ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады