"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазахстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Исабаев |
Әкімдіктің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 627 қаулысымен бекітілген |
Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі экономика және қаржы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинина көшесі, 55 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі.
11. Осы Ереже Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы,негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: экономика, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару және өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асырады.15. Міндеттері:
1) экономика, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару және өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару және бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару саласындағы қатынастарды реттейтін актілерді әзірлейді;
2) ауданның бюджеттік комиссияның қызметін ұйымдастырады;
3) жергілікті бюджетті орындау жөнінде бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізеді;
4) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжам жасайды;
5) жыл сайын жергілікті бюджеттің жобасын әзірлейді;
6) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқарады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
2) оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшылықты Қостанай ауданы әкімдігінің "Құрылыс бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң бірінші басшысын Қостанай ауданы әкімі қызметке тағайындады және қызметтен босатады.
20. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
лауазымдық міндеттерін бөледі және бекітеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
iссапарлар, тағылымдамалар, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
жұмысқа қабылдайды және босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
21. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
22. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.