Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 677 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қаңтарда № 6144 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 03.05.2016 № 248 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

Т. Исабаев

   


Әкімдіктің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 677 қаулысымен бекітілген

Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт бөлімі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      1) Қостанай ауданы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі "Годьфтан спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) Қостанай ауданы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі "Қостанай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Затоболец стадионы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Школьная көшесі, 40 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі.
      11. Осы Ереже Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
 

2. Мемлекеттiк органның миссиясы,негiзгi мiндеттерi, функциялары,құқықтары мен мiндеттерi

      14. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізеді;
      2) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      3) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
      4) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
      5) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады;
      6) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      7) мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ведомстволардың функциялары:
      1) жасөспірімдер мен жастар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмысты жүзеге асыру;
      2) жүйелі оқу процесінде мамандандырылған спортпен шұғылдануға тарту үшін қабілетті балалар мен жасөспірімдерді анықтау;
      3) спорттың барлық түрлері бойынша аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстар ұйымдастыру, оқу-жаттығу жиындарын өткізу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
      2) оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
 

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне басшылықты Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң бірінші басшысын Қостанай ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
      лауазымдық міндеттерін бөледі және бекітеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      iссапарлар, тағылымдамалар, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      жұмысқа қабылдайды және босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
 

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
 

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады